28 мың борышкердің микро-қаржылық ұйымдар алдындағы берешегі кешіріледі. Есептен шығарылатын қарыздың жалпы сомасы 600 млн теңге. Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері мәлім етті. Дерекке сүйенсек, кредитті кешіруден бөлек, қайта қаржыландыруға көмек көрсетіледі. Яғни, 432 мың борышкердің 33 млрд теңге қарызы қайта есептеледі. Әзірге кредиттік амнистияның шапағатын кімдер көретіні және рақымшылықтың қалай жасалатыны жайлы нақты ақпарат жоқ. Әр азаматтың қарызы жеке-жеке қаралады. Ал, кешірілетін сома микро-қаржы ұйымдарының провизиялық активі есебінен алынады. «Несиенің кешірілуі қарыз алушылардың несие тарихына да оң әсер етеді»,- дейді мамандар.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КРЕДИТТІК ҚАРЫЗЫ 13,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарға қарызы 13 триллион теңгеден асып кетті. Берешек көлемі жыл басынан бері 21,6 пайызға өскен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. ЗКТ: Ұсынылған ақпараттарға қарағанда, жеке тұлғалардың борышы ипотека мен тұтынушылық кредитттер салдарынан көбейген. Кәзір еліміз бойынша 243 микро-қаржылық ұйым жұмыс істейді. Олардың несие портфелі маусым айының соңында екінші деңгейлі банктерді басып озып, 838 млрд 300 млн теңгеге жетті. Ұлттық банктің деректеріне сенсек, бұл сомма өткен жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіштен 58 процентке асып түскен. Экономистер бұл тенденцияға алаңдаулы.
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ ҚАНША БОЛУ КЕРЕК?
Келер жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге көтеріледі. Оның мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтып отыру үшін арнайы әдістеме жасалмақ. Тіпті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде арнайы жұмыс тобы да құрылған. Десе де есепке жүйрік білгіштер: "қазірдің өзінде елдегі төменгі жалақының көлемі 100 мыңға жуық болуы керек",- деген пікірде. Тараптарды Сымбат Серікқызы тыңдап келді.
Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness
Instagram - https://instagram.com/atameken.business/
Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/
Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz
Atameken Business Sport - https://t.me/atamekenbusiness_sport
Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz
Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness
«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

- Категория
- Кредит под кредит
Комментариев нет.