Қазақстандықтардың несиеге өмір сүріп, қарызға батып жатқаны Қасым-Жомарт Тоқаевты да қатты толғандырады екен. Сондықтан мемлекет басшысы жуық арада кредитке қатысты ұсыныс жасамақ. Бұл жөнінде бүгін президент Талдықорғанда халықпен кездесу барысында айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР Президенті:
– Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, берешегін өтей алмай жүр. Бұл мәселе мені де қатты алаңдатады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын.
Барша қазақстандықтарды мазалаған несиеге қатысты Президент осылай ғана қысқа қайырды. Нақты қандай ұсынысты, қашан айтатынын ашып айтпады. Ал экономистер егер мемлекет басшысы кредитке қатысты шешім қабылдаса, бірінші кезекте банктердің тұтынушыларға беретін кредиттің жылдық пайызын азайту керек дейді. Екіншіден, көбейіп кеткен микрокредитті ұйымдардың жұмысын тоқтатуды да ұсынып отыр. Себебі, бұл ұйымдар кез келген адамға несие беріп, бір айдың ішінде алған ақшасын толық қайтармаса, үсті-үстіне пайыз қосып, халықты әбден қарызға батырып жатқанын айтады. Үшіншіден, бір адамның басында несие болса, ол қарызын өтемейінше екінші кредит берілмеу керек дейді. Мамандар, несиеге қатысты шешімді барынша қатаңдату қажет деп отыр. Себебі, қазір халық бір кредитті жабу үшін екіншісін алып, амалдап өмір сүріп жатқанын айтады.
НҰР ҚАНАТҰЛЫ, Экономист:
– Потребительский кредит дейміз ғой, тұтынушылық несие, оның пайызы 50 процентке дейін жетеді. Ол не деген сұмдық ол?! Оны түсіру керек. Онда 100 мың теңге алсаңыз, 200 мың теңге қылып қайтарасыз. Содан кейін мына қаптап кеткен микрокредиттік ұйымдар, ломбардтар оның пайызы одан да жоғары. Халықтың да жағдайын түсіну керек. Ол жаңағы банкке амалсыздан барады. Ақшасы жетпейді, зарплатасы жетпейді, халық та үй алғысы келеді, машина алғысы келеді.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

- Категория
- Потребительский кредит
Комментариев нет.