Кредит кешіріледі – жалған ақпарат | Jibek Joly news

13 Просмотры
Издатель
Жаппай кредит кешіріледі. Демалыс күндері осындай жалған ақпарат тарады. Әлеуметтік желілерде желдей ескен бұл ақпараттың фейк екенін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі растады. Ведомство азаматтарға делдалдардың көмегіне сеніп, алданып қалмауға шақырды. Айта кетейік, елімізде қарыз алушылардың банктермен, микро қаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай тетігі бар. Егер борышкердің төлеу қабілеті төмендеп кетсе, қиын жағдайға душар болса, сот арқылы банкроттық рәсіммен кредиттерін кешіруге өтініш бере алады. Банкроттық туралы Заң 2023 жылы қабылданды. Өткен жылы екінші деңгейлі банктер 24 трлн теңгеден астам кредит берген.

«Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші батырманы қосуды ұмытпа!
Бізді Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!

Watch us on satellite TV, Youtube and social networks. Leave your comments under this video!

#JIBEKJOLYNEWS #Басты Жаңалықтар #НовостиКазахстана
Категория
Заявка на кредит
Комментариев нет.