Жаңашылдық! «АСП» алатын ата-аналарға азық-түлік себеті енді ақшалай беріледі

18 Просмотры
Издатель
Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын ата-аналар балаларына қажетті тауарды өздері сатып ала алады. Яғни, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша беріліп келген азық-түлік пен тұрмыстық химия себеті таратылмайды. Күріш, макарон, сары майдың орнына ақша берілетін болады. Осылайша әр отбасы балаға қажет затты өздері таңдайды. Еңбек министрлігі мұндай жаңашылдықты 1 қаңтардан бастап іске асырып жатыр.
АРШАТ ӘДІЛЖАНҚЫЗЫ, тілші:
– Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұған дейін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша азық-түлік және тұрмыстық химия беріліп келсе, енді 1 қаңтардан бастап оның орнына ақшалай көмек беріледі. Яғни, бір жастан алты жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алатын әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем тағайындалады. Осылайша, ата-аналар балаларына қажет тауарларды өздері таңдап сатып алатын болады. Министрлік өкілі мұндай жаңашылдықты ата-аналардың ұсынысын ескере отырып енгіздік дейді.
СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:
– Атаулы әлеуметтік көмек бекітілген отбасылардың балаларына бекітілген сума бар. Яғни, ол 6650 теңгені құрайды. Бұдан бөлек қосымша табысы аз отбасылардың балаларына ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық химикат заттарға құны 5174 теңгеге дейін белгіленеді. Яғни қосымша ретінде. Кімнің табысы аз, жаңағы АСП-ны алатын отбасыларға. Біздің мақсат тек бекітілген түрде ғана емес, осыны барынша осыны монетизациялауды жолға қойып, ата-аналарға, отбасыларға өздеріне таңдап, қолдануға мүмкіндік беру үшін жасалып жатқан жағдайдың бірі.
Министрлік ақпаратынша, бұл ақша тек азық-түлік пен химиялық тауарларды алу үшін беріледі. Киім-кешек немесе өзге де заттарды сатып алуға болмайды. Одан бөлек, ақшаның қайда жұмсалғаны бақылауға алынбайды, ешқандай да түбіртек талап етілмейді. Қаражат атаулы әлеуметтік көмекпен бірге ата-аналардың есепшотына аударылады.








Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Категория
Заявка на кредит
Комментариев нет.